Қазір Атбасар қаласындағы мыңнан аса оқушы онлайн режимде білім алып жатыр. Төтенше жағдай жарияланған аймақта жағдай әлі күрделі. Толығырақ сол өңірге арнайы барған тілшіміз Тәуірбек Бозекен баяндасын.
Қазір Атбасардағы нөмірі бірінші мектеп әлі су ортасында тұр. Жабай өзеніне жақын орналасқан екі білім ордасының оқушылары да қашықтан білім алып жатыр. Толығымен су астында қалған екі көшенің балалары да онлайн режимге ауысты.
Айым Ашкенова, №4 орта мектеп директоры:
Құдайға шүкір біздің мектебімізге су кірген жоқ. Құтқарушылардың көмегімен қаптарға құм салынып бөгеттер жасалынды. Мектебіміздің жертөлесіне ғана су кірді. Қазір жұмыстар атқарылып жатыр. Мотопомпаның көмегімен сулар барлығы сорылып жатыр.
Бүгін Атбасар қаласынының тұрғындарына 42 тонна гуманитарлық көмек үлестіріліп берілді. Жылуды Жамбыл облысы, Меркі ауданының тұрғындары жинап жіберген.
Майра Шубайқызы, қала тұрғыны:
Үйім суға кетті 2014 жылы, 2017 жылы. Үй салып жатыр 100 пәтерлі, әлі бермей жатыр. Алла жазса биыл беретін шығар. Биыл үшінші рет суға кетті. Бүгін екі күн суда тұр үйіміз. Үйдің маңайына жақындап кіре алмаймыз.
Қала іргесіндегі жазғы саяжайларға су жайылды
Ал Атбасар қаласының әкімдігі қазір шаһар іргесіндегі ауылдар мен 1500-ден аса жазғы саяжайға қауіп төніп тұр дейді.
Тәуірбек Бозекен, тілші:
Біз қазір Атбасардың іргесіндегі ғана орналасқан жазғы саяжайлардың бірінде жүрміз. Бұл жергедегі үйлердің 70 пайызын су басып кеткен. Әне шатырлары ғана қылтиып көрініп тұр. Тұрғындар күні кеше ғана жаздың қамын ойлап үйшіктерін әктеп, сырлап, бау-бақшаны ретке келтіріп кеткен екен. Бірақ өкінішке қарай бұл жер қазірді су басып жатыр.
Тәуірбек Бозекен