Петропавлда дронмен барлау жұмысы жүргізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда дронмен барлау жұмысы жүргізіліп жатыр

12.04.2024

Петропавл зауыты су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды барлау үшін тепловизоры бар дрондармен және ұшқышсыз ұшу аппаратымен қамтамасыз етті. Ал Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр технологиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, тасқын қаупі бар аймақтағы судың толып кету деңгейін нақты уақыт режимінде бақылауға кірісуді тапсырды. Бұдан бөлек, төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық мобильді топтар, арнайы техника, қосымша жүк тиегіштер және инертті материалдар тасқын қаупін жоюға дайын болуы керекігін баса айтты.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу