Түркістан облысының құтқарушылары Батыс Қазақстан облысына көмекке аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының құтқарушылары Батыс Қазақстан облысына көмекке аттанды

12.04.2024

Осы Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты Түркістан облысының құтқарушылары Орал қаласына көмекке аттанды. Төтенше жағдай департаментінің аудан-қалаларынан құралған жеке құрамға 104 адам жұмылдырылған. Олар 12 техникасымен Жайық өзені жағасын бекіту жұмыстарына және авариялық-құтқару шараларына қатысады. 

Хабарламаларға жазылу