Атыраудағы өңірлік жедел штаб тасқын болуы мүмкін аумақтарды атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы өңірлік жедел штаб тасқын болуы мүмкін аумақтарды атады

11.04.2024

Атыраудағы өңірлік жедел штаб тасқын болуы мүмкін аумақтарды атады. Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қала іргесіндегі Бесікті, Алмалы, Береке ауылдарына қауіп төніп тұрғанын айтты. Қазір тұрғындар бөгет тұрғызып жанталасып жатыр. Ал, Жайық өзенінің арнасы қазір өрден құйылған қарғын сумен тола бастады. Әріптесім Жандос Темірғали су деңгейіне қатысты соңғы деректерді баяндайды.

Жандос Темірғали, тілші:

Атырау Теңіз деңгейінен шамамен 20 метр төменде тұр. Сондықтан, мұнда тасқын қаупі жоғары. Қазір өзенде ағыс күшейген, деңгейі күн сайын өзгеріп жатыр. 5 гидробекет бар. Ондағы мәліметке сүйенсек, мәселен, Жайықтың қала жақ бөлігінде су деңгейі айналасы 5 күнде 3 метрден асты. Ал Махамбет кентінде су тасқыны басталғалы бері жалпы судың көтерілу деңгейі 260 см құрады. Жайықтың бастауында орналасқан Ресейдің орынбор облысындағы Ирикла су қоймасы бүгін секундына 900 метр куб су жіберіп жатыр. Бұл санды литрге шақсақ бір сәтте өзен арнасына 900 мың литр су құйылып жатыр деген сөз.

Мамандарды аймақта білікті гидрологтың жоғы тығырыққа тіреп отыр. Сол үшін өңірлік штаб су деңгейінің көлемін күн сайын есептеу үшін, физиктер мен математиктерді және гидрогеологтарды тартып, кешенді жұмыс жүргізуде. Жайықты математикалық әдіспен моделдеу елді аман қалу үшін,нөпір суды әрі қарай теңізге ағызып жіберу мақсатында жасалып отыр. Қазір менің жанымда осы жайық бойының ой шұқырын жақсы білетін географ маман тұр. Арман мырза, сіз штаб құрамындасыз. Тасқынның қарқынын бәсеңдету үшін атқарылып жатқан жұмыстар қаншалықты тиімді?

Жандос Темірғали, тілші:

Бізде өзен жағасын бекітіп, қарекет етіп қалу үшін 10 күннен астам уақыт бар. Қазір 6 мыңдай ерікті мен 820 техника тасқынға тосқауыл қою үшін жұмыс істеп жатыр. Жаға бекіту жұмысына Әскерилерде атсалысуда. Бекітілуі тиіс 100 шақырым жағаның 58 шақырымында жұмыс аяқталды.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу