Шымкенттегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері 20 тонна гуманитарлық көмек жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері 20 тонна гуманитарлық көмек жіберді

11.04.2024

Табиғат апатынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберуге еліміздегі өзге ұлт өкілдері де айырықша белсенділік танытып жатыр. Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері бүгін қайырымдылық заттарының үшінші легін жөнелтті. Олар бұл жолы 8 жарым миллион теңгенің 20 тонна болатын тауарын Батыс Қазақстан облысына жіберді. Оның ішінде апат аймағындағы тұрғындардың тұрмыс тіршілігіне аса қажетті бұйымдар мен азық түлік бар. Қазір мегаполисте арнайы штаб құрылып, қайырымдылық көмегі екі орынға жиналуда. Ассамблея мүшелері бұған дейін 42 тонна гуманитарлық көмекті Атырау мен Орал қаласына жөнелткен болатын.

Наира Мовсисян, Шымкент қаласы қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары:

Тағы 20 тонна жүк тиелген гуманитарлық көлік алдағы аптаның дүйсенбісінде жолға шығуаға қам жасап жатыр. Қайырымдылық ісіне үлес қосқысы келетін тұрғындар мен компаниялар әлі де көп. Мәселен, кеше ғана 6 баланың анасы біраз бұйымдар мен азық әкелді. Штаб өз жұмысын әрі қарай да жалғастыра бермек.

Көптің көмегін бір орынға жинау, оны автокөлікке тиеу ісіне ерікті жастар көп болып жұмылған. Қазір пункттерде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-дан астам волонтері тұрақты жұмыс істеуде. Олар сондай-ақ апат орындарына барып, өзге жұмыстарға қолғабыс етіп жатыр.

Тимур Казмин, волонтер:

Кеше Ассамблея жастары атынан 10 волонтер су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жолға шыққан болатын. Бүгін сол жаққа жетіп, белсенді түрде жұмыс атқарып жатыр.

Ғани Қалмаханов 

Хабарламаларға жазылу