Су тасқыны: Шығынды бағалау жұмысы ашық жүргізілуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: Шығынды бағалау жұмысы ашық жүргізілуі тиіс

11.04.2024

Қостанай облысында тасқын кезінде үш жүзге жуық үйді су басқан. Шығынға ұшыраған мал-мүліктің есебі әлі жүргізіліп жатыр. Осы аптада аймаққа Парламент депутаттары барып, тасқыннан зардап шеккен жұртшылықпен жүздесті. Тұрғындардың дені шығын дұрыс есептелмей, тиесілі өтемақыны ала алмай қаламыз ба деп алаңдайды. Депутаттар өз тарапынан көпшіліктің мүддесін қорғап, бірде-бір адамның көмексіз қалмауына күш салатындарын жеткізді. Ол үшін комиссия жұмысы барынша ашық жүргізілуі тиіс.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

 Мәслихат депутаттары болсын комиссия жұмысын бағалап, әділетті түрде осы процестің өтуіне қолдан келгенше аянбай еңбек ететіні сөзсіз. Халықтың ұсыныстарын өзімізбен бірге алып бара жатырмыз. Алдағы уақтта Парламент Сенаты мінбетінен айтып, Үкіметке жеткізетін боламыз.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу