Атбасарда төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атбасарда төтенше жағдай жарияланды

11.04.2024

Бүгін Атбасар ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Қауіпті аймақтардан тұрғындар эвакуацияланып, аудан әкімі елді дүрбелеңге түспеуге шақырды. Қазір әріптесім Тәуірбек Бозекен Атбасардан жағдайды айтып береді. 

Тәуірбек Бозекен, тілші:

Біз қазір Атбасар қаласындағы қауіпті аймақта тұрған екі мектептің ортасында жүрміз. Бүгін таңертең Жабай өзені тасыды деген ақпарат келіп түсіп, тұрғындарды эвакуациялау басталып кеткен. Қазір Атбасарға кіретін жол жабық. Үйіне жете алмай қалған тұрғындар айналма жолмен қатынауға мәжбүр. Қала тұрғындарының айтуынша таңғы 7-де дабыл қағылған. Тура жарты сағат өткен кезде Атбасарға су кіре бастаған. Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша 127 үй су астында қалған, 113 адамды эвакуация жасады. Соңғы ақпарат бойынша Жабай өзенінің деңгейі әлі 6 метрден түспеген. Әлі 200-ден аса үй мен екі мектеп қауіпті аймақта. Біз Атбасарда жергілікті әкімдік өкілдерімен де, құтқарушылармен де сұхбаттаса алмадық. Себебі, олардың бәрі Атбасар маңындағы ауылдарға көмекке кеткен. Өйткені қала маңындағы елдімекендерге қауіп басым. Ал қазір еріген суды сору жұмыстары жалғасып жатыр.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу