Мемлекеттік кеңесші қабылданған заңға қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кеңесші қабылданған заңға қатысты пікір білдірді

11.04.2024

Дәл осы Заң жобасына қатысты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram арнасында пікір қалдырды.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қылмыс деп танылуы, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаның күшейтілуі және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған түрлі шаралардың белгіленуі заңның негізгі жаңашылдығы деп атауға болады. Әйелдер мен балалардың іргелі құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттағы басымдықтың бірі. Бұл мәселе қашан да Мемлекет басшысының басты назарында», - деп жазды Мемлекеттік кеңесші.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу