ЕуроОдақ нарығына жеткізілетін қазақстандық тауарлардың түрлері көбеймек. Брюссельде өткен Қазақстан – ЕуроОдақ ынтымақтастық комитетінің сауда конфигурациясындағы 7-ші отырыста қос тарап өкілдері осыны талқылады. Басқосуға қазақстандық делегацияны еліміздің Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев бастап барды. Отырыста Қазақстан – ЕуроОдақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісімі аясында сауда талаптары, санитарлық және фитосанитарлық шаралар сөз болды. Техникалық реттеу, стандарттау, метрология саласындағы өзекті мәселелер қаузалды. Сондай-ақ, арбиторлар бойынша келісімге қол қойды.
Марғұлан Баймұхан, Қазақстан Республикасының Бельгиядағы елшісі, Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы тұрақты өкілі:
Сирек кездесетін металдар жобаларын дамыту мәселелері де талқыланды. Қос тарап та Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы сауда-экономикалық қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Былтыр өзара сауда айналымы 5 пайызға өсіп, 41 млрд еуроны құрады.
Нұрсұлу Қасым