Су тасқынынан зардап шеккендерге Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері өңір-өңірден гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. Кәріс, ұйғыр, әзербайжан сынды барлық этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері 200 тоннадан аса азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі заттарды жөнелтті. Бұдан бөлек 253 млн теңгеден астам қаржылай көмек аударды. Айта кетейік, тасқынға Ассамблеяның 10 мыңға жуық еріктісі жұмылдырылған. Олар гуманитарлық көмектен бөлек, қарғын судың алдын-алу жұмыстарына да бір кісідей ат салысуда.
Самал Қабышева