Ауыз су сапасына бақылау күшейтіледі – Роман Скляр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыз су сапасына бақылау күшейтіледі – Роман Скляр

11.04.2024

Ел Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Петропавл қаласында ауыз су сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды. Ол Солтүстік Қазақстан облысының елдімекендерін аралау кезінде «Былғары зауыты» шағын ауданы мен Заречный кентіндегі бөгеттер құрылысының аяқталғаны туралы баяндамаларды тыңдады. Сонымен қатар, Роман Скляр Тепличное, Прибрежное ауылдарындағы, Ущев көшесі бойындағы арықтарды дайындау жұмыстарын және Петропавл қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған маңызды стратегиялық нысан – «Қызылжар Су» серіктестігіндегі сорғы станциясы бөгеттерінің қорғаныс қауқарын тексерді.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу