Солтүстік Қазақстанға Қарағанды өңірінен әскерилер көмекке аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанға Қарағанды өңірінен әскерилер көмекке аттанды

11.04.2024

Солтүстік Қазақстан облысына Қарағанды өңірінен әскерилер көмекке аттанды. «Астана» өңірлік қолбасшылығының 300-ден аса сарбазы мен 14 техникасы, Петропавл қаласына жолғы шықты. Бұған дейін олар облыстағы Нұра, Шет аудандарындағы су тасқынына қарсы кешенді жұмыстарға ат салысқан болатын. Сондай-ақ, қазір Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар қызметінің 70 шақты қызметкері қалтықсыз жұмыс істеп, тұрғындарға көмек көрсетуде.


Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу