Алматыда автобус жүргізушісін соққыға жыққан ер адам қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда автобус жүргізушісін соққыға жыққан ер адам қамауға алынды

11.04.2024

Алматыда автобус ішінде тағы да төбелес шықты. Бұл жолы да жанжал жолаушы мен жүргізуші арасында болды. Жұмысқа асыққан жолаушы көлік жүргізушіне барып, жылдамырақ жүруін айтқан. Текетірес дәл сол жерде басталып, ер азамат жүргізушіге жұдырық ала жүгірген. Артынша, екеуі сыртқа шығып, жаға жартысқан. Күдікті өзінің айбын мойындап, кешірім сұрағанын айтады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу