Ораза айт – ізгілік мерекесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ораза айт – ізгілік мерекесі

10.04.2024

Бүгін мұсылман үшін ұлық мереке – Ораза айт басталды. Отыз күн ораза тұтқан адамдар, ізгі амалмен сабақтасқан айт мерекесін тойлауды Айт намазынан кейін бастап кетті. Жалпы, Ораза айт намазы күн найза бойы көтерілгенде, яғни күн шыққаннан кейін 45 минут өткен соң, мешіттерде оқылады. Елордадағы бас мешіт жамағатқа лық толды. Ал, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел азаматтарын қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бұл күндері сынақты күндерді бастан кешіп жатқан жұртымызға қол ұшын беріп, жүректеріне қуаныш ұялатуға шақырды.

Наурызбай Қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

Жерлестерімізге қол көмегін берсек, материалдық көмектессек, өте үлкен сауап. өйткені бұл күні барлық мұсылмандар қуану керек.


Хабарламаларға жазылу