Ресейдің үш өңірінде төтенше жағдай режимі ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің үш өңірінде төтенше жағдай режимі ұзартылды

10.04.2024

Көршіміз Ресейде де, жағдай мәз емес. Ресейдің 40-қа жуық өңірі, 200-ден астам елді-мекен көктемгі су тасқынымен күресуде. Орынбор облысына арнайы ұшақпен төкпелі дамба жеткізілді. Ал Орынбор қаласының әкімі, Жайықтағы су деңгейі 1010 сантиметрге жеткенін хабарлады.

Эвакуация жалғасуда. Орскіде 7 мыңнан астам үй су астында қалды. РосГидрометтің болжауынша, Қорған облысында ертең су межеден асуы мүмкін. Тобыл өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп, жұмысшылар бөгетті нығайтуда. Кейбір аудандарда профилактикалық эвакуациялау жүргізіліп жатыр, қазірдің өзінде 700-ге жуық тұрғын қауіпті аймақтан көшірілді. Орынбор, Түмен, Қорған облыстарында төтенше жағдай режимі ұзартылды.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу