Солтүстік Қазақстан облысындағы Покровка, Николаевка, Петровка ауылдарын су басып жатыр. Бұл елді мекендердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілуде. Бұл аймақта қазір Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жүр. Ол Қызылжар ауданының Бескөл, Далматово, Барневка және Большая Малышка ауылдарында бөгеттер мен шұңқырлардағы бекіністерді, сондай-ақ дайындық жұмыстарын тексерді. Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласы, Тайынша және Қызылжар аудандарында, жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Облыста су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша, жедел штаб құрылды. 29-шы наурыз бен 9-шы сәуір аралығында, өңірдегі 103 үйге су кіріп, 678 адам эвакуацияланды, оның 109-ы – бала.