Елордада гуманитарлық көмек жинау бойынша 9 пункт ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада гуманитарлық көмек жинау бойынша 9 пункт ашылды

10.04.2024

Бірқатар өңірде төтенше жағдай режимі жарияланғаннан кейін елордада еріктілер және қайырымдылық ұйымдары бірлесіп гуманитарлық көмек жинау бойынша 9 пункт ашқан. Мұны қалалық Волонтерлер фронт-офисінің басшысы Эльвира Есмұханова айтты. Бүгінде зардап шеккен өңірлерге 550 тонна гуманитарлық көмек жіберілген. Олардың ішінде азық-түлік, жылытқыш техника, қайықтар, генераторлар, күректер, жеке гигиена құралдары, төсек-орын жабдықтары бар. Ел аманаты өңірлерге жүк көліктері мен ұшақтар арқылы жеткізіліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу