Рим папасы Франциск, Қазақстандағы тасқынның беті қайтсын деп дұға оқыды. Әлем халқын табиғи апаттан зардап шеккен адамдар үшін дұға етуге шақырды.
Рим Папасы, Франциск:
Елдің көп бөлігін тасқын жайлап, мыңдаған адам үйінен көшкен тұста Қазақстан халқына рухани жақындығымды білдіргім келеді. Баршаңызды табиғи апаттан зардап шеккен барлық жан үшін дұға етуге шақырамын.