Әскерилер мұзды жару жұмыстарын жүргізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилер мұзды жару жұмыстарын жүргізіп жатыр

10.04.2024

Әскерилер мұзды жару жұмыстарын жалғастыруда. Мәселен, Атырау облысындағы Құлсары қаласынан 30 шақырым қашықтықтағы Жем өзенінде жару жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытқа дейін барлығы 8 жарылыс ұйымдастырылған. Өткен тәулікте су тасқынына қарсы іс-шараларға 1500-ден астам әскери қызметші, 104 бірлік автомобиль техникасы, 3 армиялық авиация тікұшағы жұмылдырылды.Су басқан өңірлерде тасқынның алдын-алу, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу