Елімізде 550 бала көкжөтел жұқтырды. Олардың 90 пайызы 5 жасқа дейінгі бала.
Дерт Астана қаласы, Алматы және Павлодар облыстарында көп тіркелген. Жөтел әсіресе, түнде дендеп, баланың ыстығы көтеріледі. Оның алдын алу жолы – вакцинаны уақытында салдыру. Нәрестеге 2, 3, 4 айында екпе салдыруға болады. Ал, 18 айында және 6 жасында ревакцинация жасалады. Бала кішкентай кезінде вакцина алса, ересек шағында бұл ауруға шалдықпайды. Ал, екпе баланы басқа аурудан да қорғайды, - дейді дәрігерлер.
Жасұлан Алпысбаев, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
Вакцина бізде сенімді және қауіпсіз. Бұл вакцина 5-6 инфекцияға қарсы жүреді. Бұл вирустық гепотит, полиомиелит, сіреспе деген ауруларға көкжөтелге қарсы егілетін вакцина болып табылады.