Францияның Бретань өңірін су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияның Бретань өңірін су басты

10.04.2024

Францияның Бретань өңірін су басты. Сен-Мало қаласында толқындар бөгеттен тасып, көшені су басқан. Аймаққа «Пьеррик» дауылы екпінді жел әкелді. Жергілікті билік ауа райының күрт бұзылуына байланысты ескерту жариялады. Дүлей дауылдан Францияның кейбір өңірінде көлік қатынасы қиындап жатыр. Ал кейбір аудандарда қауіптің сарғылт түсі жарияланған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу