Мәдени индустрияға бағытталған жиын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдени индустрияға бағытталған жиын

09.04.2024

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Іс шара Орталық Азиядағы тұңғыш мектептің бірі - кино және телевизия факультетінің 30 жылдығына арналды. Шара аясында факультет тарихын баяндайтын фотокөрме ұйымдастырылды. Ал ғылыми конференциядағы тақырыптар анимация, дубляж, ораторлық өнердегі трендтер мен мәдени индустриядағы жасанды интеллекті қолдануға бағытталды.

Мадина Бакеева, Т.Жүргенов атындағы ҚАЗҰӨА, кино және телевизия факультетінің деканы:

Қазіргі таңда кино және телевизия факультетінде Еуропаның үздік анимациялық мектебі Рубик университетімен Ерасмус бағдарламасы бойынша ынтымақтастыққа отырдық. сонымен қатар, Кореяның Киарс университетімен шығармашылық жобаларды бірге жасадық. Академиялық Ұтқырлық бағдарламасы бойынша басқа да мемлекеттерге шығу. Бұл Америкаға, Нью Йорк фильм академиясы, Англиямен ынтымақтастыққа отырайын деп жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу