Маңғыстаулық жеткіншек гуманитарлық көмекке қаржылай үлес қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаулық жеткіншек гуманитарлық көмекке қаржылай үлес қосты

09.04.2024

Маңғыстаулық жеткіншек гумманитарлық көмекке өз үлесін қосты. Нұрасыл Игілікұлы ол үшін қоржынға 1 ай бойы жинаған 3 мың теңгесін берді. 4- сынып оқушысы тасқын судан зардап шеккен көрші облыстың жағдайына алаңдаушылық танытып отыр.

Нұрасыл Игілікұлы, Ақшұқыр ауылының тұрғыны:

Менің мамам сабаққа тиын беріп еді тамақ алып же, самса алып же деп. Сосын мен оларды капильнигіме салып жинай бердім. Атыраудағы қиын жағдайды естіп, көмектескім келді. Ақшұқырда көмектесіп жатқанын естідім. Сосын мен копильнігімдегі тиындарымды алып, апарып бердім.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу