Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында шекара маңындағы өңірлердегі су тасқыны жағдайы талқыланып, екі ел үкіметтеріне табиғи апатқа қарсы күресте өзара ықпалдастықты нығайту тапсырылды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және даму перспективалары айтылды. Мемлекеттер басшылары алдағы кездесулердің кестесін де қарастырды.
Тәуірбек Бозекен