Алматыда мәдени индустрияға бағытталған ғылыми конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мәдени индустрияға бағытталған ғылыми конференция өтті

09.04.2024

Алматыда Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Іс-шара Орта Азиядағы тұңғыш мектептің бірі - Кино және телевизия факультетінің 30 жылдығына арналды. Конференцияның ашылуында факультет тарихын баяндайтын фотокөрме ұйымдастырылды.

Ал ғылыми конференциядағы тақырыптар анимация, дубляж, ораторлық өнердегі трендтер мен мәдени индустриядағы жасанды интеллекті қолдануға бағытталды. Апталыққа аталмыш факультеттің 4 курс студенттері қатысты.

Сондай-ақ, Назарбаев Университетінің магистранттары, Швейцария, Польша, Досмұхамедов атындағы Атырау университеті студенттерінің де ғылыми жұмыстары додаға түседі.

Мадина Бакеева, Т.Жүргенов атындағы ҚАЗҰӨА, Кино және телевизия факультетінің деканы:

Қазіргі таңда кино және телевизия факультетінде Еуропаның үздік анимациялық мектебі Рубик университетімен Erasmus бағдарламасы бойынша ынтымақтастыққа отырдық. Сонымен қатар, Кореяның Киарс университетімен шығармашылық жобаларды бірге жасадық. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша басқа да мемлекеттерге шығу. Бұл Америкаға, Нью-Йорк фильм академиясы, Англиямен ынтымақтастыққа отырайын деп жатырмыз.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу