Сенатта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасы талқыланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасы талқыланып жатыр

09.04.2024

Сенат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заң жобасын қарап жатыр. Құжатқа сәйкес, отбасындағы ұрып-соғу жағдайлары әкімшілік жауапкершілікпен емес, енді Қылмыстық кодекспен қарастыралады. Ал іс қозғау үшін жәбірленушінің арызы қажет емес. Полиция қызметкері әлеуметтік желідегі, ақпарат құралдарындағы дәлелді сүйеніп тергеу жүргізе алады. Сонымен бірге, заң жобасында агрессорды тәртіпке салу нормалары қамтылған. Оны өз отбасынан 1 айға бөлектеп, жағдай ушықса 3 айдан 1 жылға дейін байланысуына тыйым салынуы мүмкін. Балалардың қауіпсіздігі мен құқығы да ерекше назар алынған. Жазғы лагерьлер мен балалар үйі кез келген уақытта ескертусіз тексерілмек. Ал педофилдер өмір бойы түрмеге тоғытылады. Заң жобасы 11 сәуір күні Сенаттың жалпы отырысында талқыланады. Депутаттар қызу пікірталас тудырған құжат бойынша бірқатар кездесу өткізген. Жүздеген өтініш қаралды.

Жанна Асанова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Сенатқа бұл заң 3 аптадан аса келіп түсті. Содан бері біз 16-дан астам жұмыс топтарын өткіздік. Қоғамдық белсенділермен, эксперттермен кездестік. Әріптестермен талқыладық. Қоғам осы заңға үміттеніп отыр. Өзімнің жеке пікірім бұл заң қабылдануы тиіс.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу