Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз салынған кірпіш зауыты сүрілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз салынған кірпіш зауыты сүрілді

09.04.2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз салынған кірпіш зауыты сүрілді. Облыстық әкімдіктің мәліметінше, 2005 жылы «Құрылыс көмек ХХІ» компаниясы өндірістік базаны салуға және қызмет көрсету үшін жер телімін алған. Алайда, 2021 жылы ескі зауыт бұзылып, орнына жаңа өндіріс орны рұқсатсыз салыныпты. Нақтырақ айтсақ, нысанның аумағы санитарлық қорғау аймағынан асып кеткен. Соттың шешімімен сүрілуі керек нысанды кәсіп иесі өз бетінше орындамаған соң, мәжбүрлі түрде бұзуға тура келген.

Хабарламаларға жазылу