Ресейдің оңтүстігіндегі Қорған облысында 19 мыңнан астам адамның өміріне тасқынынан қауіп төніп тұр. Мұны ТАСС агенттігі елдің төтенше жағдай министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Оның өзге бір дерегінше, қазір кемінде 4 мың үй су басайын деп тұр. Ал Түмендегі жағдай әзірге бақылауда болғанымен, қауіп күшейеді деген болжам айтылып отыр.
Соңғы күндері Ресейдің 39 аймағында 10 мың 400-ден астам үйді су басты. Ең қиын жағдай - Орынбор облысында. Оның Орск қаласында жұма күні дамба құлап, 4 мыңға жуық үй су астында қалды.
Ресей үкіметінің дерегінше, су апатынан келген шығын қазірдің өзінде 21 миллиард рубльге жеткен.
Арыстан Рысбек