Су тасқыны: 85 мыңға жуық адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: 85 мыңға жуық адам құтқарылды

09.04.2024

Елімізде су тасқыны басталғалы 85 мыңға жуық адам құтқарылып, қауіпсіз жерлерге көшірілген. Оның 30 мыңға жуығы бала. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері хабарлады. Уақытша орналастыру пунктерінде 8 мыңнан аса адам орналастырылған. Оның ішінде 4 мыңға жуығы бала. Бүгінгі ақпарат бойынша, 8 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорылған. Жалпы, құтқару жұмыстарына 16 мыңнан астам адам мен 2 500 техника жұмылдырылған. Ал Қаздиромет мамандарының айтуынша, бүгін еліміздің солтүстік және батыс аймақтарында жауын жауып, аяғы қарға уласады.

Ерасыл Сайпаш, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері:

Еліміздің 9 өңірінде Ақтөбек, Қостанай, БҚО, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және СҚО жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай әрекет етеді. Жедел жері телефонлдарына 1 129 қоңырау келіп түсті. Шұғыл психологиялық көмек 26 адамға көрсетілді. 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жасап жатыр.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу