Су тасқыны: 20 мыңнан астам қызметкер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: 20 мыңнан астам қызметкер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде

09.04.2024

Ел бойынша тасқын қауіп төндірген аймақтарда 10 мың метрден астам арық тазартылып, суды бөгеу үшін 144 мыңнан астам қап төселді. Қазір тасқынннан зардап шеккен ауылдарда 9 135 тұрғын үй және басқа да нысандар полиция бақылауында. Ішкі істер органдарының 20 мыңнан астам қызметкері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Бұл туралы республикалық ақпараттық штабта айтылды.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

Жолдағы қауіпсіздікті қамтасыз етуге ерекше назар аударылды. Республикалық маңызы бар жолдардың 14 учаскесінде жүріске шектеу енгізілген. Су басқан аймақтардан полицияның арнайы ұйымдасқан колоннасымен 5 мың автокөлік шығарылды. Сондай-ақ, стратегиялық объектілерді қорғау қамтамасыз етілуде.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу