Ақмола облысындағы Жабай өзені арнасынан асып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы Жабай өзені арнасынан асып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

09.04.2024

Ақмола облысындағы Жабай өзені арнасынан асты. Осы себепті түнде Атбасар қаласынан 77 адам эвакуацияланды. Өңірдегі жағдайды тілшіміз Ұмсындық Наурызбаевадан білсек.

Ұмсындық, қазіргі жағдай қалай? Тұрғын үйлерге су кірді ме?

Ұмсындық Наурызбаева, тілші:

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғындардың баспаналарына қарғын су кірмеген. Дегенмен түнде Жабай өзенінің деңгейі 30 см-ге дейін көтерілген. Бұған күннің күрт жылынып, қардың тез еруі себеп. Сондықтан мамандар қауіпті аймақтарда тұратын жұртты жедел эвакуациялау туралы шешім қабылдаған. Өзен деңгейі әлі түспеген. Сондықтан қауіп бар. Дегенмен арнайы штаб жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Қазір құтқарушылар құм салынған қаптардан бөгеттер қойып, өзен арнасын қар мен мұздан тазартып жатыр. Бұл жұмысқа 300-ге жуық адам мен 30-дан астам техника жұмылдырылған.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу