Петропавлға Қарағанды және Павлодар облыстарының Төтенше жағдайлар департаментінің топтары барды. Аймаққа көмек көрсету үшін 120-дан астам құтқарушы мен 70-ке жуық техника жұмылдырылған. Ал Қарулы күштердің елордадағы ерекше мақсаттағы бригадасының 300 әскери қызметшісі су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін Солтүстік Қазақстан облысына барды.
Азамат Бейбітұлы