Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы азаматтар үйлеріне оралып жатыр.
Кеше қорғаныс министрлігінің тікұшақтары Аралбай және Көлқамыс ауылдарының 180-нен астам тұрғынын үйлеріне қайтарды. Жалпы, бүгінге дейін Торғай ауылындағы 600 адам үйіне қайтып, эвакуациялық орталықтар жабылған. Ал Әуе қорғанысы күштері әскери институтының ұшқыштары жергілікті халыққа гуманитарлық көмек тасып жатыр.
Аманкелді Сейітхан