Атыраулықтар қала ортасымен өтетін «Ерік-Мостовой» орталық кәріз жүйесі суға кетуі мүмкін деп қауіптеніп отыр. Сондықтан оның жағасына бөгет салу мәселесін көтеріп жатыр. Айта кету керек, су деңгейі күн сайын көтеріліп жатқан Жайық өзенінен бөлек, қауіп төндіруі мүмкін деген бірнеше арна бар. Қазір олар да тексеріліп жатыр. Жалпы аймақтағы қазіргі жағдай қалай?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Жайық өзенінің су деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр. Сондықтан оның жағасында қауіпті учаскелерге ұзындығы 100 шақырымнан асатын бөгет салынып жатыр. Бірақ, қала тұрғындарын толғандырып отырған тағы бір мәселе ол – «Есіл-Мостовой» арнасы. Тұрғындар қаланың қақ ортасымен ағып тұрған орталық кәріз жүйесі суға кетуі мүмкін, жағасына бөгет салу керек деп дабыл қағуда. Бірақ, қала әкімінің орынбасы Серік Нысанбаев үйрейленуге негіз жоқ деп отыр. Оның айтуынша, кәріз жүйесі қазір толық бақылауда.
Жалпы су тасқынының алдын алу жұмыстарына 500-ден астам техника жұмылдырылған. Қазір, Жайық өзенінің бойымен өтетін Бухарка, Перетаска сынды бірнеше өзектерді тексеріп, жағдайды зерделеу жұмыстары жүріп жатыр.
Нұрсұлтан Тілектес