Тобыл жағасындағы бөгет биіктетіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тобыл жағасындағы бөгет биіктетіліп жатыр

08.04.2024

Қостанайдың іргесіндегі Тобыл қаласына да қауіп төніп тұр. Өзен суының деңгейі қаланы қоршай салынған бұрынғы бөгеттен асуға аз қалған. Бірақ, құтқарушылар, тұрғындар мен жан-жақтан келген еріктілер арқасында бөгет күн сайын биіктетіліп жатыр. Жағаға жанталаса құм төсеп жүргендер арасында мемлекеттік қызметшілер де бар.

Нұрғиса Мылтықбайұлының қолға күрек алып, қапшық тасып жүргеніне 7-ші күн. Тобыл қаласы әкімінің орынбасары болып істейтін ол, су көтерілгеннен бастап көппен бірге тасқынмен күреске кіріскен. Олар қазір күн-түн демей Тобылдың жағасындағы бөгетті биіктетіп жатыр. 

Нұрғиса Мылтықбайұлы, Тобыл қаласы әкімінің орынбасары:

Ашылып кеткен жағдайда Тобыл қаласының орталық алаңына дейін су жайылу қаупі бар. Қазіргі таңда судың қатты көтерілуіне байланысты 5 шақырым бойы бәрі қауіпті. Каждый сантиметр каждый метр сайын карап журмиз. Осы жерде машинада 1 сағат ұйықтап алып, ары қарай тұрып жұмысымызды жалғастырып жатырмыз.

Бұл жерде күнделікті 500-600 адам жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында осы маңайдың тұрғындары да бар. Одан бөлек, жан жақтан келіп жатқан еріктілер көп.

Нұрғиса Мылтықбайұлы, Тобыл қаласы әкімінің орынбасары:

Алдыкүні комекке волонтерлар керек деп обьявление бердік, өзімнің жеке нөмерімдә салып. 1 суткада маған жеке номериме 100 адам звондады. Онын көбә адрес уточнить ету ушін ғана, звондамай келгендері қаншама.

Бір бірін танымаса да, жұмыла кетіп тынымсыз жұмыс істеп жатқан жігіттерге қыз келіншектер ыстық тамақ пісіріп әкеліп жатыр.

Әзірге өзенге жақын салынған саяжайларды қоспағанда, Тобылдағы бірде бір үйге су кірмеген. Ал, мына бөгет сыр берсе, бір сәтте 800 үйді су басуы мүмкін. Бірақ, Нұрғиса сияқты азаматтар оған жол бермеу үшін 1 аптада 13 мың қапшық құм төсеген. Ал, ағын су кішкентай ғана көзін тапса, үйлерге лезде жетуі мүмкін. Сондықтан, уақытылы қойылған бір қапшық құмның өзі тасқынды тежеуге сеп.


Амангелді Сейтхан

Хабарламаларға жазылу