80 шақырымдық бөгет нығайтылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

80 шақырымдық бөгет нығайтылып жатыр

08.04.2024

Біз қазір Атырау қаласына ең жақын орналасқан аудандардың бірі Махамбеттеміз. Ауданның құрамына 21 елдімекен кіреді. Соның 17-сі Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Қауіпті участкелерде 14 шақырым бөгет салынып, 66 шақырымдық бөгет нығайтылып жатыр. Дәл қазір менің жанымда Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Арман Әділғалиев тұр. Арман Бақытжан ұлы аймақтағы ахуал қалай? Бөгет салуға нығайтуға қанша адам, қанша техника жұмылдырылған?

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Махамбет ауданында 30 мыңнан астам халық тұрады. Оның басым бөлігі бау-бақша баптап, төрт-түлік өсіріп күн көріп отыр. Тұрғындардың, оларлың баспаналары мен малын қорғау басты мақсат. Сондықтан құтқарушылар мен арнайы штаб өкілдеріне тұрғындар және 3000-нан астам волонтер қолқабыс етуде. Мамандар аймақта соңғы 30 жылда тасқын болмағанын айтып жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу