Павлодар мен Батыс Қазақстан облыстарындағы жағдай тұрақталып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар мен Батыс Қазақстан облыстарындағы жағдай тұрақталып келеді

08.04.2024

Павлодар облысында қауіп сейіле бастады. Өңірде су басу қаупі бар жолдар жоқ. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта аймақ басшысы Асайын Байханов мәлімдеді. Оның айтуынша, су тасқынына қарсы жұмыстар жүріп жатқан Ақтоғай, Тереңкөл, Шарбақты аудандарындағы жағдай бақылауда. Жалпы облыс бойынша барлығы 38 үйді су басқан. Қазір арнайы комиссия шығынды есептеп жатыр. Сондай-ақ штабта Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары өңірдегі ахуалды зум арқылы баяндады. Қанат Қарабалаевтың айтуынша, аймақта 7 мыңдай адам эвакуацияланған. Оның жартысынан астамы бала. Тасқынға қарсы 4 мыңнан астам адам мен мыңға тарта техника жұмылдырылған.

Хабарламаларға жазылу