Еліміз бойынша 9 өңірде су тасқынына байланысты жағдай әлі де күрделі. Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті деңгейде 29 төтенше жағдай жарияланған. Соңғы мәліметтерге сенсек, Ақмола облысындағы 5 ауданда судың беті қайтқан. Ал Солтүстік Қазақстан облысында 262 елдімекенге әлі де қауіп төніп тұр. Қостанай облысында 6 елдімекенде төтенше жағдай жарияланған.
Айя Мүтәлі