Су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі халыққа ұсыныстар жариялады. Атап айтсақ, ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз. Бұлақтан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз. Қарғын суға малынған тамақты пайдаланбаңыз. Су тасқынынан кейін барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітіндімен өңдеңіз. Егер жұқпалы аурулардың белгілері байқалса бірден дәрігерге көрініңіз. Олар дене қызуы, жүрек айну, тамақтың ауырсынуы.
Тәуірбек Бозекен