Тобыл өзенінің су деңгейі төмендеп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тобыл өзенінің су деңгейі төмендеп келеді

08.04.2024

Қостанай облысында Тобыл өзенінің деңгейі сәл төмендей бастаған. Бұған бір тәулік ішінде Қаратомар қоймасынан жіберілетін судың көлемі бір тәулікте 300 текшеметрге азайтылуы себеп. Өңірдегі тілшіміз Дәуренбек Әбдібек бізбен тікелей байланыста. Дәуренбек, су деңгейі қаншалық түсті?

Дәуренбек Әбдібек, тілші:

Су деңгейінің көтерілуі кеше түнде тұрақталып, бүгін оның сәл төмендегені анық байқалды. Мысалы біз тұрған жағалаудан 2 метрге дейін шегінген. Ал осы маңайдағы Заречный ауылдарының су басқан көшелерінен 4 метрге дейін кеткенін ресми орындар растап отыр. Яғни, су басу қаупі сейіліп келеді. Тасқын ең шырқау шегіне жеткенде Қаратомар қоймасынан жіберілетін су көлемі секундына 3300 текш метрге жеткен еді. Қазір 2900 текше метрге төмендеді. Қоймалардың өзіне ешқандай қауіп жоқ. Қазгидромет мамандары жауын шашынның да көп болатынын айтуда. Сондықтан қоймадан жіберілетін судың көлемін аса қатты төмендету мүмкін болмай тұр.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу