Су тасқынына қарсы бағытталған мобильді топтар құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқынына қарсы бағытталған мобильді топтар құрылады

08.04.2024

Су тасқынына қарсы бағытталған мобильді топтар құрылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты. Қазір вице-премьер Солтүстік Қазақстан облысында жүр. Өңірдегі инженерлік инфрақұрылымның су тасқынына дайындығын тексеру мақсатында Петропавл қаласының маңындағы бірнеше ауылдарды тексеру үшін түнгі рейд жүргізді.

Тепличное, Прибрежное ауылдары мен Ущева көшесі бойындағы бөгеттерді нығайту жұмыстарымен таныстып, кемшіліктерді жою үшін мердігер компанияларға тапсырма берді. Тез арада жүк машиналары мен тиегіштер санын екі есеге арттыру қажет, деді. Сондай-ақ, Үкімет басшысының орынбасары Тайынша ауданы Красная поляна аулының тұрғындарымен кездесті. Елдімекендегі 8 үй су астында қалған. Роман Скляр халықпен әңгімелесу кезінде келтірілген барлық залал өтелетінін, материалдық шығынды мемлекет жабатынын айтты.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу