Көмек түріндегі бір реттік төлемді жергілікті әкімдіктер жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көмек түріндегі бір реттік төлемді жергілікті әкімдіктер жасайды

08.04.2024

Еліміздегі тасқынды алаяқтар өз мүддесіне пайдалана бастады. Қазір әлеуметтік желілерде су тасқынынан зардап шеккендерге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өтемақы төлейді деген ақпарат тарап жүр. Ведомства өкілдері бұл шындыққа жанаспайды дейді. Бұл хабарламада әлдекімдер төлемді алу үшін «Толығырақ» батырмасын басуды немесе сілтемеге өтуді сұрайды. Алайда мұның артында алаяқтар тұр, дейді мамандар. Сондықтан сақ болуды сұрайды. Өйткені тасқынға байланысты министрлік ешқандай төлем жүргізбейді. Көмек түріндегі бір реттік төлемді жергілікті әкімдіктер жасайды. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме азаматтардың жеке деректерін алу үшін алаяқтардың ойлап тапқан құйтырқы әрекеті болуы мүмкін. Мемлекеттік қолдау шаралары жайлы 1414 нөміріне қоңырау шалып біле аласыздар.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу