Ауыл халқы мал басын қалай түгендемек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл халқы мал басын қалай түгендемек?

07.04.2024

Енді төрт түлік жайы. Себебі ауылдағы ағайынның бары- ол малы. Бұл жерде кілтипан бар. Себебі құлағында сырғасы жоқ тіркелмеген малдың саны аз емес екені түсінікті. Сол жағы қалай болар екен? Жалпы, өте маңызды үш сұрақ бар: біріншіден, кеткен мал басын анықтау. Екіншіден, шығынды өтеу. Өтегенде, малды қайдан аламыз? Үшіншіден, ет пен сүт бағасы қымбаттамай ма? Амангелді Сейітхан таразылайды. 

Су тасыған аймақтардағы малға қарап отырған халықтың дені қолда барынан бір-ақ сәтте айырылды. Соның арқасында жан бағып отырған жұрттың ашынғаннан ащы дауысы шықты. Әзірге қанша мал қырылғанын айту мүмкін емес. Сәуірдің 2-сінде Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы 3 мыңға жуық деп хабарласа, 5-сәуірде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі 2 мыңдай шығын бар,-деді. Одан кейін ақпарат жаңармады. Өзге облыстардан мұндай есеп те берілмеді. Өйткені, тасқын әлі тоқтамады. Ал зардап шеккендар арасында ірі қожалықтар да бар. Бұл Қостанай облысы, Көкалат ауылы. Құтқарушылар жалғыз қалған серкесіне су беріп жатыр.Ал, Ақтөбе облысы Алға ауданындағы мына шаруа қожалығын су түгел жайпап өткен. Құтқарушылар малшылардың өзін әрең алып шыққан. Қожалық иесі 34 сиыры мен 30 тонна бидайынан айырылды. Енді өтемақы дұрыс төленсе,-дейді. Өйткені, ауданда төтенше жағдай жарияланбапты.

Шадияр Мұхаметалин, қожалық иесі:

Судың деңгейі түскеннен кейін аулы әкімі мен ветврач келіп, польный видеофиксация істелінді. Енді ары қарай кредитіміз бар, жұмыс істеу керек.Аймақтарда мал басын түгендеу жұмыстары басталған. Деректерді ауыл әкімдері және учаскелік мал дәрігерлері жинап жатыр.

Панабек Бимұратов, Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:

Тіркеуде тұрғаны, құлағындағы белгілерінің болуы міндетті түрде есептеледі. Болуға тиіс. Болмаса жоқ малды тіркеуі де мүмкін.Көпшілік өтемақыға алаңдаулы. Өйткені, төрт түліктің дені тіркелмеген. Сарапшылар тіркелмеген мал санын анықтауға болады,-дейді.

Алмасбек Садырбаев, «Шаңырақ» Ұлттық агроқозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Өтемақыны беру бойынша ИСЖ базасына қарап қалмау керек. Өйткені, ИСЖ базасында дерек толық емес. Сондықтан да шаруалардың өтемақысы әкімшіліктегі «хозяйственный книга» деген бар. Сол жердегі дерек шындыққа жақын.

Ермек Абуов, «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» басқарма төрағасының орынбасары:

Күз айларында ауылдың ветврачтары ауылдың малынан қан алады ғой. Оларда да есебінде болуға тиісті кітапшалардың бәрінде.

Қазыбек Әлішев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Көршісі, бірінің қорасындағы малын бірі біледі. Осы апатты пайдаланып пайда табу мақсатында алаяқтыққа барады деп біздің ауыл халқын былай айтқанда қаралай беруге болмайды, қазір ол жағдай емес.

Иә, жағдай қиын екені рас. Бірақ, кей өңірлер тіркеуде тұрған малдың өзіне өтемақы беруді қиындатып жатыр екен.

Қазыбек Әлішев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Суға ағып кеткен малдың өлексесін табу керек дегенде айтылып жатыр. Оны табу қазір бірін тапса, бірін таба алмайды. Ақтөбені алсақ Ойыл өзіне оның өзі 800 шақырым. Суға аққан өлексені қай жерге дейін алып кетті.

Ермек Абуов, «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» басқарма төрағасының орынбасары:

Малдың сырғасын табу керек,-дейді. Оның сырғасын қалай табады, ол миға сыймайтын дүние ғой.Осы ақпараттарды естіген соң ауыл шаруашылығы министрлігіне хабарластық. Бірақ, мамандардың бәрі өңірлерде жүр, спикер болмайды,-деп жауап қайтарды. Ал Ақтөбеге барған сала министрі шаруаларға былай депті: Қазір әбден су кетсін. Мал ана жерден, мына жерден шығуы мүмкін. Жолда бір жерге қыстырылып қалуы мүмкін. Оған шыдам керек, уақыт керек.

 Министр уақыт керек,-дейді. Ал, апта басында мал-мүлкінен айырылғандар 30 күнде өтініш беруі тиіс деп хабарланған. Яғни, өтемақы қалай берілетіні әлі түсініксіз.

Ермек Абуов, «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» басқарма төрағасының орынбасары:

Мен өз көзіммен көргем жоқ. Алгоритмі бар деп айтып жатыр. Кеше де мен сұрағам. Тиісті мемлекеттік органдардан. Алгоритм беріңіздерші деп.

 Тағы бір сұрақ төлемнің қалай есептелетіні. Өйткені суға ағып кеткен малдар арасында асыл тұқымдылар бар. Олардың бағасы қалай анықталмақ?

Асыл тұқымды малдардың палаталары бар бізде. Сол жерде орташа малдың бағасын анықтауға болады. Солар эксперт бола алады. Мал шығынын анықтау комиссияларына ауыл тұрғындары кіру керек.

Ермек Абуов, «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» басқарма төрағасының орынбасары:

Мал алам дегендерге малдарына алып беру керек нарықтағы бағамен. Мынау ұйымдастырылған шаруашылықтарда құнарлы малдар бар. Өйткені олардың құнарлылығы жақсы.

Төрт-түліктен бөлек, көптеген қора-қопсыны су басты. Қамыс пен саманнан тұрғызылғандары құлады, көбі жарамсыз күйде.

Қазыбек Әлішев ,ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қора-қопсының көбісінде құжаты жоқтарын енді айтқанда көзбен көру арқылы шығындарын анықтауға мүмкіндік бар. Орны бар ғой. Фундаменті бар.

 Қора-қопсымен қатар, техникалар су астында қалды. Ең қиыны олар несиеге алынған. Егер істен шықса, несиені бекер өтеуге тура келмек.

Абылайхан Бұхарбаев, шаруа қожалығының басшысы:

Осы жақында ғана 18 млнға техникалар алғанбыз. Трактор, подборщик. Солардың бәрі де суда тұр.
Шаруа қожалықтарына сіздерден қандай көмек бар. Бұлардың алып отырған техникалар бар 27 пайызбен. Соны төмендетсе, каникул берсе.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Каникул беруге тырысамыз. Былтырда шаруашылықтар қиын болды ғой, бірақ президентіміз ешкімді жай қалдырған жоқ. Бәрінің кредиттерін 1 жылға созып бердік.

 Қаржы министрі халықтың несиелерін 3 айға шегереміз,-деді. Ал, шаруалар жайы қалай болмақ? Себебі, несиеге алынған малдар бар.

Қазыбек Әлішев ,ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Келесі жылы, биыл төл жоқ, олар қалай сол жылдары өтейді. Сол себепті, несиелерін 3 жылға дейін ұзартуды сұрап отыр.

 Ауыл шарушылығы министрі әлеуметтік желіде «Жануарларының басым бөлігі аман қалды» деп жазды. Оның сөзінше, 30 мың мал қауіпсіз жерге көшірілген. Бірақ, құтқарылған төрт-түліктің көбі салқын су кешкендіктен, ауруға шалдығуы мүмкін,-дейді мамандар.

Алмасбек Садырбаев, «Шаңырақ» Ұлттық агроқозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Өкінішке қарай су тасыған, су басқан мекендердегі малдардың барлығы төлсіз қалады. Өйткені, мынандай суық кезде суға түскен малдың барлығы іш тастайды. Сондықтан, осы өңірдегі ауыл тұрғындарының экономикалық ахуалы өте төмен болады. Бұл 2-3 жылдың көлемінде аяққа тұрып кету, кетпеуі екіталай.

 Яғни, тасқынның салдары көпке созылатындай. Алдағы қыста ет пен сүт те қымбаттауы мүмкін.

Ермек Абуов, «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» басқарма төрағасының орынбасары:

Сауын сиырлардың біраз сумен ағып кетіп жатса әрине ол ет бағытындағы қойың болсын, қара малың болсын еттің тапшығыны тудыруы мүмкін.

 Апаттың экологиялық зардабы ба болмақ. Өйткені үй жануарларымен қоса, қаншама түз жануарлары қырылды. Олардың өлексесі жиналмаса, инфекция таралуы мүмкін.

Алмасбек Садырбаев, «Шаңырақ» Ұлттық агроқозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Малдың мүрдесі жататын орындарды қоршау керек. Даладағы өлексені жинау керек. Сонымен қоса көптеген ауылдың қасындағы қоқыстар,мына батыста мұнай қалдықтары жататын жерлер шайылып кетті. Соның барлығы ол да бізге экологиялық зиянын тигізеді.

Бұл тағы бір өзекті мәселе. Ал, қорасындағы малы қырылғандар ұзақ жылдық қорынан айырылды. Құтқарылған малдың өзіне алдағы уақытта жем-шөп жеткізу қиын болмақ. Себебі қаншама жолдарды су шайып кетті. 

Амангелді Сейітхан 

Хабарламаларға жазылу