Ақтөбеде саяжай аумақтарында орналасқан 700-ге жуық үй су астына қалып отыр., Кешелі бері 95 пайызға толған Қарғалы суқоймасынан су жіберіле бастады. Оның үстіне жаңбыр жауып, жағдайды қиындатып жіберді.Сондықтан сол аумақтарда тұратын 127 адам эвакуацияланды. Ал, аудандарда жағдай қалдыпқа түсе бастаған. Аймақтағы ахуалды Жақсыбек Кемал баяндайды.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Он күн бұрын ғана бұл жер көліктер өтіп жатқан кәдімгі көше еді. Ал, қазір үлкен өзенге айналған. Тұрғындар үйлеріне тек қайықпен ғана барып жатыр. Су деңгейі қашан түсетіні де белгісіз.Өйткені, Қарғалы суқоймасынан жіберілген су осында келеді.
Бұл саяжай ұжымындағы үйлердің 90 пайыздан астамы суда тұр. Эвакуация басталған кезде құжаттарын алып үлгермеген тұрғындар енді қайта келіп, құтқарушылардың көмегімен үй-жайларын тексеріп жүр.
Шынар Ақбалиева, саяжай тұрғыны:
Судың беті қайтпағандықтан, осылай ЧС көмегімен, басқа да азаматтардың көмегімен қалған құжаттарымызды, заттарымызды алуға осылай мұқтаж болып тұрмын. Суды кешіп, осылай жүріп келе жатырмыз.Күндеріміз, осындай болып жатыр жағдай.
Ал, бұл үйлер бір апта бұрын суға кеткен еді. Су тартылғаннан кейін тұрғындар орала бастады. Жарамсыз дүние-мүліктерін қоқысқа шығарып, басқаларын кептіріп, тазартып жатыр. Талаптары – өтемақы дұрыс төленсе дейді.
Марат Шаманов, Кірпішті ауылының тұрғыны:
«Келіп жатырмыз, қайда барамыз енді? Далаға шығарып, тамақ ішіп жатырмыз.Жататын жер мында. Сет құрсын, свет жоқ бізде.Су жоқ».
Ал, аудандарда жағдай тұрақталып келеді. Тұрғындар үйлеріне қайтып жатыр. Бұған дейін қатынас тоқтаған Берсиев пен Ойыл ауылдарының арасына Қорғаныс министрлігінің әскери инженерлері уақытша қалқымалы көпір орнатып берді. Бұл нысан 60 тонна жүк көтеретін паром бұзылған көпірдің құрылысы аяқталғанша қызмет көрсетеді.
Серік Төленбергенов, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары:
Әкімшілік, специалистер кірісіп, санап жатыр.Қанша қаржы керек, қандай жұмыс істеу керек? Екі-үш пролет көрініп тұр көпірдің, басқасы түсіп қалды.Қ айтадан істеу керек. Екі-үш ай керек болса, сонша уақыт паром істеп тұрады.
Облыстың солтүстігінде әлі алақанат қар бар. Мамандар босаңсуға ерте деп отыр.Өйткені, су тез келуі мүмкін. Жақсыбек Кемал, Аманжол Айтмағамбетов, Ақтөбе облысынан.