Су тасқыны: Қарағандылықтарға келесі аптадан өтемақы төлене бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: Қарағандылықтарға келесі аптадан өтемақы төлене бастайды

07.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысының тұрғындарына келесі аптадан бастап өтемақы төлене бастайды. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабтың брифингіне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов айтты. Қазір арнайы комиссия шығындарды есептеп жатқанын жеткізді. Айта кету керек, облыста тасқынның алдын алу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Мысалы ауылдарға су жайылмау үшін, облыстық маңызы бар 3 тас жол бұзылып, 20 елдімекеннің маңайына 8 шақырым бөгет салынған. Суды бұру үшін 12 арна қазылған. Ұзындығы 200 шақырымға жуықтайтын арықтар мен арналар, сондай-ақ 400-ден астам көпір тазартылған. Аймақтағы Шерубай-Нұра, Самарқанд және Ынтымақ су қоймалары жіті бақылауға алынған.


Хабарламаларға жазылу