135 елдімекенге төнген қауіп сейілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

135 елдімекенге төнген қауіп сейілді

07.04.2024

Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы қауіпті аймақтан 64 мыңға жуық адам эвакуацияланды. 9 мыңнан астам адам тасқынмен күресіп жатыр. Оларға еріктілер қолқабыс етуде. Соның арқасында 80 мың адам тұратын 135 елдімекен тілсіз жаудан арашаланды. Айта кету керек қазір еліміздің 10 өңірінде жағдай тұрақсыз. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, қазір тасқынның алдын алу және оның салдарымен күрес жұмыстары жалғасып жатыр.

Қахарман Оразалин, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы:

Авариялық құтқару жұмыстарына 9 мыңға жуық адам, 2 мың бірлік техника, 500-ге жуық жүзу және су айдау құралдары жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар, Қорағаныс министрі, Ұлттық Ұланның 10 әуе кемесі жұмылдырылды.


Хабарламаларға жазылу