Атырауда тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету күшейтілді. Қазір қалада арнайы штаб құрылып, волонтерлер гуманитарлық көмек жинап жатыр.
Жандос Темірғали, тілші:
Қазір мұнда Жұмыс қайнап жатыр. 100ге жуық волонтер келген заттарды жинап, буып түйіп Құлсарыға жөнелтуге әзерлеу үстінде. 1 күннің ішінде 4 тоннадай гум көмек жиналды. Оған дәл осы сағаттағы есеп бойынша 1600дей атыраулық үлес қосты. Штаб 4 секцияға бөлінген.
Жайық жағалауы бойынша қауіпті деп белгіленген 100 пунктте бөгет соғу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қалыптасқан ахуалға байланысты, бір ғана Атырау қаласының өзінде бес мыңға жуық волонтер көмекке жұмылуда.