Батыс Қазақстанда саяжайлар жарық пен газдан ажыратылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда саяжайлар жарық пен газдан ажыратылады

06.04.2024

Оралда Жайық өзенінің жайылмасында орналасқан саяжайлар жарық, газдан ажыратылАды. Қала әкімдігі, амалсыздан осындай шешім қабылдады. Өйткені, тұрғындар эвакуациялау туралы хабарламаға құлақ аспай, алдын ала көшуден бас тартып отыр. Бүгінде өзен алабындағы 55 саяжайда, 10 мың адам тұрып жатыр. Дәл қазір, Жайық жағалауын бекіту жұмысы күшейтілді. Өзен деңгейі шекті меже 8,5 метрден асқанда, қаланың Курени ауданын да, су басуы ықтимал. Сондықтан, бөгеттер нығайтылып, топырақпен биіктетіліп жатыр. Барлық күш осы жұмысқа жұмылдырылған. Соңғы күндері, тек шаһар бойынша 120 мың құм толы қапшық дайындалған. Мамандардың мәліметінше, 1942 және 1957 жылдары Жайықтың суы 9-10 метрге дейін көтеріліп, қаланың көп бөлігін су басқан. Биыл да, сондай жағдай қайталануы мүмкін деген болжам бар. Қазір қалада жаңбыр жауып, жағдай күрделене түсті.

Жандос Дүйсенғалиев, Қала әкімінің орынбасары:

Сейсенбі, сәрсенбі күндерінен бастап, барлық саяжайларда электр қуаты мен көгілдір отынды ажыратуды бастаймыз. Бұл Азаматтық қорғаныс ткралы заңның 56-бабына сәйкес, эвакуациялауды ешқандай кедергісіз өткізу үшін осындай шара алып отырмыз. 


Хабарламаларға жазылу