Жыл сайын 2000 адамнан жатыр мойны обыры анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл сайын 2000 адамнан жатыр мойны обыры анықталады

06.04.2024

Елімізде, жыл сайын 2 мың адамнан жатыр мойны обыры анықталады. Бүгін Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында адам папилломасы вирусының алдын алу және жатыр мойны обырын ерте анықтау, сондай-ақ, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға арналған Ашық есік күні өтті.

Мамандардың сөзінше, аталмыш дерт онкологиялық аурулар арасында екінші орында тұр. Биыл жаңа оқу жылынан бастап, ата-ана келісімі бойынша, 11 жастағы жасөспірім қыздарға жатыр мойны обырына қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілмек. Жалпы елімізде/ бұл кеселді ерте анықтауға арналған міндетті онкоскрининг 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерді қамти отырып, 4 жылда 1 рет жүргізіледі.

Аида Шакирова, Ұлттық Ғылыми онкология орталығы онкогинекология секторының аға ординаторы:

Жас ерекшеліктері енді жатыр мойны обыры біздің елде әлі көп кездеседі. 40-45 шамасында әйел адамдар жиі ауырады. ++01/08 Біздің елде 1800-2000 жуық адам ауырады. Жыл сайын өзеріп тұрады. Осы шамада. 


Хабарламаларға жазылу