Астанада/ «Қазақстан жастары – 2024» ұлттық баяндамасы талқыланды. Кездесуде «Адал азамат» тұжырымы аясында жастардың құндылықтар туралы көзқарасы сөз етілді. Іс-шараға мемлекеттік органдар, саяси партиялар, халықаралық ұйымдар, зерттеу орталықтары мен жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Талқылауда қатысушылар облыстық және республикалық деңгейде жастарға қатысты жүзеге асырылып жатқан жобаларды ғылыми-сараптамалық тұрғысынан күшейту қажет деген шешімге келді. Сарапшылар, тез өзгеретін заманда жастардың шыңдалуы мен өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау, сондай-ақ оларға «Адал азамат» құндылықтарын сіңіру маңызды екенін атап өтті.